Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4649 0 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 11:08

ШАПАН

Осыдан үш-төрт жыл бұрын елімізге белгілі бір әртіс ағамыз Сарыағашта демалыпты. Біраз күннен кейін көрші жатқан Түркістан қаласы мен Сарыағаш ауданының әкімдері елге еңбегі сіңген әлгі әртіс ағамызға амандасып қайтайық деп, бір қой сойып, етті жақсылап пісіріп, дастархан жасап барыпты. 

Дастархан басында жап-жақсы әңгіме болып, өткен-кеткенді айтып, екі жақ ұзақ отырған көрінеді. Сонымен түннің бір уағында бата жасап, екі жақ тарқар кезде Сарыағаштың әкімі ағамызға әдемі шапан жабады. Сөйтсе әртіс ағамыз:

- Осының қажеті де жоқ еді... Шапан деген үйде үйіліп жатыр. Осындай кезде ғана киеміз де, қайтадан орап тығып тастаймыз. Несіне әуре болдыңдар? Шынын айту керек, маған сыйлаған шапандардың көбісі сыймай, жеңі шолтиып, тап-тар боп жатыр үйде... – деп, ренжіп сөйлеп кеткен көрінеді. Сарыағаштың әкімі ыңғайсызданып қалады. 

Сөйтсе Түркістанның әкімі алдыға бір аттап:

- Аға, айып етпеңіз... Мен шапан әкелген жоқ едім... Мен шапанды конвертке салып алып кеп едім, - деп, ағамыздың қолына конверт ұстатып жатса керек.

Сөйтсе әртіс ағамыз:

- Ойбай-ау, бұл «как раз» менің размерім ғой, - деп Түркістанның әкімін құшақтай беріпті.

Оралхан Дәуіт

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404