Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2890 0 пікір 18 Тамыз, 2010 сағат 08:56

БТА банк қаңтар-маусымда шығынын 8 есеге азайтты

Алматы. 18 тамыз. ҚазТАГ -«БТА Банк» АҚ 2010-шы жылғы қаңтар-маусымға Т73,3 мөлшеріндегі шығын көріп, ол былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 8,45 есе аз болды. Банктің сәрсенбі күні жарияланған қаржылық есебінде осындай мәліметтер келтірілген.

Аталған кезеңде таза пайыздық шығыны 6,54 есе азайып Т316,5-тен Т48,4 млрд-қа дейін қысқарды.

«БТА Банк» АҚ 2010-шы жылғы қаңтар-маусымда активтер бойынша кіріс көрді. Ол активтерге кезінде Т18,99 млрд мөлшерінде провизия аударылған болатын. Былтырғы осындай аралықта Т337,22 млрд сомадағы провизия аударылған.

Банк активтері жыл басынан бері 10%-ға қысқарып, Т1,97 трлн-нан Т1,77 трлн-ға дейін түсті. Банктің несиелік портфелі аталған кезеңге Т1,04 трлн-нан Т764 млрд-қа дейін қысқарды.

Жеке капитал дефициті жыл басынан бері Т1,69 трлн-нан Т1,74 трлнға дейін өсті. Банк балансында Т2,22 трлн теңге бөлінбеген шығын шоғырланған.

Банк міндеттері 4% қысқарып, Т3,51 трлн-ға түсті. Оған бұрын шығарылған қарыздық құнды қағаздардың көлемінің Т1,67 трлн-нан Т1,56 трлн-ға дейін қысқаруы себеп болды.

БТА банк активтерінің көлемі бойынша қазақстандық банк жүйесінде үшінші орында. 2009 жылдың 2 ақпанында банк акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтататынын және банктің сыртқы қарызын қайта құрылымдау жоспары туралы мәлім етті.

2010 жылдың 28 мамырында «БТА Банк» кредиторлар комитеті банк қарыздарын қайта құрылымдау шарттарын мақұлдады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373