Оңтүстікте сәнді пальтолар тігілуде
Оңтүстіктегі «Голден номад» тігін фабрикасына Германиядан арнайы мамандар келіп, «Аға сарапшылар қызметі» бағдарламасы аясында тәжірибесімен бөлісіп отыр. Облыстағы ерлер мен әйелдер костюмін тігетін жалғыз кәсіпорында дизайнерлер тапшы. Шетелдік аға сарапшылар мұндағы мамандарды оқытып, әлемдік стандартқа сай киім үлгілерін үйретуде. Екі апта ішінде өз тәжирбесімен бөлісетін германдықтар жергілікті жұмысшыларға заманауи технологияларды меңгеруіне көмектеседі.
Неміс дизайнерлері 2016-2017 жылдарға ұсынған әйелдерге арналған сырт киімдер үлгілерін көрсетті. Осыған дейін қыз-келіншектер мен ерлерге, балаларға арнап костюмдер тігіп келген жергілікті фабрика маусым қарсаңында жаңаша дизайнда сырт киімдердің үлгілерін ұсынбақ. Бүгіннің өзінде шетелдік сарапшылардың көмегімен тігілген модельдердің бірқатары дайын.
Айта кетейік, бүгінде облыстағы ерлер мен әйелдер киімін тігетін жалғыз фабрикада дизайнерлер жеткіліксіз. Кәсіпорын басшылығы осынау олқылықтың орнын толтыру үшін шетелдік сарапшылардың көмегіне жүгінуде.
Кәсіпкерлер екі жақты әртіптестік өз жемісін беретініне сенімді. Биылғы маусымда қыз-келіншектер жергілікті мамандардың шетелдік сарапшылармен бірігіп дайындаған сырт киім үлгілерін киіп шығуына мүмкіндігі бар.
Абай ақпарат