Көрші елге 92,4 мың тонна дәнді дақыл сатты
Елбасының тапсырмасы негізінде ауылшаруашылық саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Соның арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында бәрекелді деуге тұрарлық жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы «Абай ақпарат» хабарлайды.
Айталық, өңір диқандары жыл басынан бері көрші Өзбекстан мемлекетіне дәнді дақылдарды артығымен экспортталып, 92, 4 мың тонна дәнді дақыл жөнелтілген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 12,1 пайызға артық.
Шүкір, облысымызда бидай өсіру де жақсы жолға қойылған. Нақтылап айтсақ, биыл 1 025,1 мың тонна астық дайындалса, 943,4 мың тонна астық сатылымға дайындалған, ал оның 8,5 мың тоннасы келесі жылы егуге арналған тұқымдық үшін сақталуда. Қалған 73,2 мың тоннасы мал азығы үшін дайындалды. Облыста алдағы жылы астық көлемін арттыру негізгі мақсаттардың бірі болып отыр. Өйткені, оны сатып алатын ірі тұтынушы алыста емес. Географиялық жағынан бұл орналасу экономикалық тұрғыдан өте тиімді. Алдағы уақытта өңірде дәнді дақылдар өндіру көлемі артып жатса, оны өзге де жақын елдерге сату көзделіп отыр.
Abai.kz