Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2449 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 17:17

866 тонна көкөніс жиналды

Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы 25 жыл ішінде көкөністің көлемі 5 есеге артты. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудың арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егіс көлемі 73 мың га-дан 80 мың гектарға, бақша 49 мыңнан 59 мың га, ал көкөніс 27 мың гектардан 40,4 мың га, картоп тоғыз мың гектардан 15,3 мың га-ға артқан. Сонымен қатар, егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артқан. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мың тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мың тоннаға, яғни бес есеге артып отыр.

Брифингте мәлім болғандай биылғы жылы орташа есеппен - 470 мың тонна астық жиналып, түсімділігі орташа 22 цн/га. құраған. Ал 1991 жылы астықтың түсімділігі гектарына 17,8 центнер болған. Оңтүстік шаруалары өздерінің еңбекқорлығымен Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

«1999 жылдың аяғында бұрынғы 182 ұжымшар-кеңшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардың саны 70 мыңнан асты. Сондай-ақ, мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын тікелей қолдауы мен облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтежиесінде, 2010 жылдан бастап мал шаруашылығының өнім үлесі 45%, ал өсімдік шаруашылығының үлесі 55 % құрады»,-деді басқарма басшысы.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435