Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3526 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 16:32

Түркіменстанда темекі үшін төбелес болып жатыр

Соңғы уақытта Түркіменстанның  астанасы Ашхабад қаласында полицейлер мемлекеттік дүкендерде темекі сататын жерлерде жиі болатын төбелестерді тәртіпке келтірумен әлек.

Соңғы оқиға орталықтағы цирктің маңындағы дүкенде болған. Онда темекіні таңғы сағат 8-ден сата бастаған. Бірақ сатушылар екі сағаттан кейін дүкенді жауып, полиция шақыруға тура келген. Сатушылар кезекте тұрған адамдар арасында туған жанжалды тоқтата алмаған.

Полиция жасағы темекі алу үшін жиналған 500-ден аса адамды әрең тарқатқан. Бұл дүкенде бір темекі қорабы 12 манатқа (шамамен 2,5 доллар) сатылған. Бір адамға тек бір қорап темекі ғана берілген. Ал қолда бір темекі 42 (шамамен 8 доллар) манатқа сатылады, бір данасы – 3 манат.

Соңғы бірнеше аптадан бері Түркіменстанда темекі сатылмайды. Осыған дейін жеке мекемелерге темекіні сырттан әкелуге тыйым салынған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2735
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4481