Дүйсенбі, 7 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3221 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 16:22

Денсаулығы сыр берген қырғыз президенті демалысқа шықты

Алмазбек Атамбаевтың жағдайы бір қалыпты деп хабарлайды Қырғызстан президенті әкімшілігі.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Фарида Ниязованың айтуынша, бүгін ол Атамбаевпен телефон арқылы сөйлескен. Президент 20 қыркүйектен бастап медициналық тексеруден өтуіне байланысты аз уақыт демалыс алатындағын айтқан.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың жүрек сырқатына байланысты Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатыспайтыны хабарланған. Атамбаев мінген ұшақ Стамбулдағы Ататүрік әуежайына қонғанда, президент өзін жайсыз сезініп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген еді.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Қырғызстан делегациясын сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев бастап барады.

19 қыркүйекте Нью-Йоркте Қырғызстанда сасяи өтпелі кезеңнің президенті болған Роза Отынбаева БҰҰ лидерлер кеңесінің отырысына қатысқан. Оның сонымен бірге әлемдік әйел лидерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өтетін «Әйелдерге қатысты зорлықтың экономикалық құны» деген тақырыпта өтетін жарыссөзге қатысатындығы белгілі болды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1544
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4279
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3180