Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3308 0 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 18:49

«ТДЖҰА» ақ ұлттық инновациялық байқаудың өту барысы туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-мен бірлесе отырып Ұлттық инновациялық байқау жөнінде баспасөз конференциясын өткізеді.

Агенттік 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасы шеңберінде инновациялық гранттарды бөлу бағдарламасына қатысады.

Жыл сайын қазақстандық компаниялар, кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу институттары инновациялық гранттарды беру бағдарламасына белсенді қатысып келеді. Мәселен, өткен жылы өтініштердің рекордты саны қабылданды – 462. 2015 жылы құны 1 млрд. 973 млн.теңге болатын 58 жобаға қолдау көрсетілді.

Агенттік жұмысының жекелеген бағыты – Қазақстанда инновациялық идеяларды анықтау және инновациялық жобаларды дамыту. Бұл жөнінде жыл сайны өткізілетін Инновациялардық Ұлттық байқауы көмектеседі. 2015 жылы конкурсқа 796 адам қатысты. Оның 300-і белсенділік танытқан мектеп оқушылары болды.

Биылғы жылы Агенттік Инновациялардық Ұлттық байқауына қатысу өтініштерін 2016 жылдың тамыз айына дейін қабылдайды. Қатысу талаптарымен және онлайн-өтініш беру ережесімен www.natd.gov.kz. Сайтында танысуға болады. Байқау қорытындысы 2016 жылдың қыркүйек айында XI Инновациялық конгресінде жарияланады.

Байқау 2005 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Осы жылдар ішінде оған еліміздің барлық аймағынан 5 000-нан астам инноваторлары қатысқан. Биылғы жылдың жүлде қоры 6 000 000 теңгені құрайды.

Байқауда бірнеше аталым белгіленген: «Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздік инновациялық жоба»; «Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба»; «Ең үздік өнертапқыштық ұсыныс».

Одан бөлек 2016 жылы инновацияның әр түрінде ең үздік жобалар анықталады: процессингтік, маркетингтік, ұйымдастырушылық, өнімдік және әлеуметтік инновация.

Сонымен қатар кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар, мемлекеттік органдар өкілдері кіретін Байқау комиссиясы «Ең үздік бизнес-періштесі» мен «Ең үздік инновациялық белсенді аймақ» анықтайды.

Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздік инновациялық жоба үшін British Council қолдауымен Ұлыбританияға оқу-танысу сапары ұйымдастырылады.

Анықтама:

АТАЛЫМДАР:

- «Ең үздік өнертапқыштық ұсыныс».;

- «Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздік инновациялық жоба»;

- «Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба»;

- «Ең үздік процессингтік инновация»;

- «Ең үздік маркетингтік инновация»;

- «Ең үздік ұйымдастырушылық инновация»;

- «Ең үздік өнімдік инновация»;

- «Ең үздік әлеуметтік инновация».

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ:

Жалпы қаржылай жүлде қор 6 000 000 теңгені құрайды.

Байқаудың әр түрлі категориясындағы қатысушыларына жекелеген сыйлықтар белгіленген:

* Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздік инновациялық жоба жеңімпаздары Ұлыбританияға оқу турына аттана алады.

* Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба аталымының жеңімпаздары (1,2,3-орындар) сәйкесінше 1 000 000, 500 000 и 200 000 теңгге ие болады;

* Ең үздік өнертапқыштық ұсыныс аталымының жеңімпаздары (1,2,3-орындар) сәйкесінше 1 000 000, 500 000 и 300 000 теңгге ие болады;

* Инновациялардың 5 түрі бойынша жеңімпаздардың әрқайсысы 500 000 теңгені иеленеді.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДЖҰА) инновациялық даму үдерістерін үйлестіру мен мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін құрылған.

ТДЖҰА «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік баспасөз қызметі

+77172 57 10 14 (245)

+7777 767 77 99

Abai.kz    

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5474