Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3455 0 пікір 19 Тамыз, 2010 сағат 06:47

Қазақстанда ұн мен нан бағасын тұрақтандыру үшін бидай өңдеуші мекемелердің шығындарының бір бөлігі өтеледі

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанда ұн мен нан бағасын тұрақтандыру үшін бидай өңдеуші мекемелердің шығындарының бір бөлігі өтеледі. 16 шілдеде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкіметтің «Ішкі нарықты реттеу мақсатында бидай өңдеуші ұйымдарға олардың мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырушы астық ресурстарынан сатып алатын бидай құнының бір бөлігін өтеу ережелерін бекіту туралы» арнайы қаулысына қол қойды. Бейсенбі күні құжат ресми баспасөзде жарық көрді.

«ҚР үкіметі ҚР «Астық туралы» заңының 5 бабының 11 тармақшасына сәйкес ішкі нарықты реттеу мақсатында бидай өңдеуші ұйымдарға олардың мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырушы астық ресурстарынан сатып алатын бидай құнының бір бөлігін өтеу ережелерін бекітуді қаулы етеді», - делінген қаулыда.

«Шығындардың бір бөлігін өтеуге қаржы көлемі сәйкес жылға болжанған инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді», - делінген қаулыда.

Ережелерде бидай өңдеушілердің шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған қаржы «ұн мен нан бағасын тұрақтандыруға арналған» деп атап айтылған.

Бұл қаржыны бидай өңдеушілерге облыстың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы тендер негізінде ҚР заңнамасына сәйкес бөледі. «Ішкі нарықты реттеу мақсатында бидай өңдеуші ұйымдарға олардың мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырушы астық ресурстарынан сату үшін бидай өңдеуші ұйымдарды анықтау бойынша тендерге қатысу үшін бидай өңдеуші ұйымдардың сатылатын бидайды мақсатты пайдалану міндеттерін алуы міндетті талап болып табылады», - делінген құжатта.

Қаулы алғаш рет ресми жарық көргеннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1242
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2767
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 894
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 842