Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6830 1 пікір 19 Қыркүйек, 2016 сағат 14:42

СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫМЫЗ - 10,9 ТРЛН. ТЕҢГЕ

Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев Қазақстанның мемлекеттiк борышы 10,9 трлн. теңгеге жеткенін және оның бұдан әрі өсуiне жол бермейтінін айтты, - деп хабарлайды bnews.kz.

Бұл туралы министр мәжiлiсте «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асу барысына арналған үкiмет сағатында мәлiмдеген.

«ҰЭМ алдына мемлекеттiк борыштың өсуiне жол бермеу мiндетiн қояды. Бүгiнгi күнi Қазақстанның мемлекеттiк борышы әлемнiң басқа елдерiмен салыстырғанда төмен деңгейде. 2016 жылдың 1 шiлдесіндегi жағдай бойынша жиынтық мемлекеттiк борыш 10,9 трлн теңгеге жетті. Бұл – 2016 жылғы ЖIӨ-ге шаққанда 24,6 пайыз, оның iшiнде iшкi борыш ЖIӨ-ге шаққанда 13,5 пайыз және сыртқы борыш ЖIӨ-ге шаққанда 11,1 пайыз», - дейдi министр.

Оның айтуынша, 2017-2019 жылдары мемлекеттiк борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру үшiн республикалық бюджет тапшылығын 2017 жылы 1,2 пайызға, 2019 жылға қарай 1,0 пайызға дейiн төмендету жоспарланып отыр. 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502