Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2586 0 пікір 19 Тамыз, 2010 сағат 06:48

Қарағандының тілдерді дамыту басқармасының директоры қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деп айыпталып отыр

Қарағанды. 19 тамыз. ҚазТАГ - Қарағандының Қызыбек би аудандық сотында «Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма» ММ-нің директоры Бақытқали Мұсабековқа қатысты іс қарала бастады, оған қызметтік қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Б.Мұсабеков ҚР ҚК 307 б. 2 б. (қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану) және 314 б.2 б. (қызметтік құжаттарды қолдан жасау) қарастырылған қылмыстарды жасады деп айыпталып отыр.

Ол «Орталық Қазахстанның Ономастикасы» жинағын басып шығару үшін әйел кәсіпкермен келісімге отырған, бұған Т1,5 млн бөлінген. «Бұдан басқа, Мұсабеков мемлекеттік қызметкерлерді оқыту үшін «ЮрАудит» заңгерлік және консалтингтік компаниясы» ЖШС -мен келісімге отырған, бұған 9 200 000 теңге бөлінген. Тексеру барысында оқу курстарына қатысқан 170 адамның 50-і мемлекеттік қызметкер болып табылмайтыны анықталған», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Облыс әкімінің аппараты Б.Мұсабеков жұмыстан кету туралы өтініш бергенін және ол қаралып жатқанын хабарлады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366