Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4697 0 пікір 19 Қыркүйек, 2016 сағат 11:56

МИГРАЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ДЕРЕКТЕР

 

2016 жылдың жарты жылында елімізден 16 742 адам көшіп кеткен. 
Олардың дені Ресейге қоныс аударған. Нақты саны -  14 512 адам. Белоруссияға – 162, Өзбекстанға - 81, Украинаға – 27 адам көшкен. Бұл – ТМД аймағындағы миграция.

Басқа бағытты алатын болсақ, 1212 адам – Германияға, 129 адам – АҚШ-қа, 105 – адам Канадаға, 58 адам – Израильге, 47 адам – Польшаға көшкен көрінеді. 

Аймақтар бойынша қарайтын болсақ, ең көп адам Қарағанды облысынан үдере көшкен.Олардың қарасы  – 2890. Қостанайдан – 2413, Павлодардан – 2222, Алматыдан - 1640, Шығыс Қазақстан облысынан – 1536, Солтүстіктен Қазақстан облысынан –1334, Ақмоладан – 1192, Батыстан – 931 адам сыртқа қоныс аударған. 

Елден кеткендердің ішіндегі қандастарымыздың үлес салмағы 4-5 пайыз мөлшерінде. 

Ал енді елге кім қоныс аударып келіп жатыр?

2016 жылдың жеті айы ішінде Қазақстанға 17023 адам көшіп келген. Олардың 10620-сы қазақ. 

Елімізге қоныс аударғандардың 6298-і Өзбекстаннан (оның ішінде қазағы - 3626). Қытайдан 5728 адам келген (қазағы - 5700), Ресейден - 2052 (қазағы - 479), Қырғызстаннан - 936 (қазағы - 66), Түрікменстаннан - 363 (қазағы - 352), Моңғолиядан - 293 (қазағы - 277), Тәжікстаннан - 199 (қазағы - 18), Әзірбайжаннан - 195, Ауғанстаннан - 128 (қазағы - 102), Грузиядан - 111. 

 Мәліметтер Ішкі істер министрлігінің деректерінен алынды.

Айдос Сарымның Facebook-тегі парақшасынан алынды

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502