Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2748 0 пікір 17 Қыркүйек, 2016 сағат 15:01

Шағын гидроэнергетиканы дамыту көзделуде

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеді.

Өңірдегі төрт негізгі өзен ағыстары бойынша алдын-ала техникалық-экономикалық зерттеу нәтижесінде облыс аумағында жиынтық қуаты 120 МВт-ты құрайтын тиімді гидроэнергетикалық күші бар 43 нүкте анықталды. Осыған байланысты қазіргі уақытта «Шымкент» ӘКК» облыста шағын гидроэнергетиканы дамытуға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы нәтижелер де жоқ емес.

Мәселен, корпорация жетекшілігі Endustriyel Elektrik түрік компаниясымен бірлесе отырып, Түлкібас ауданында белгіленген қуаты 4 МВт, құны 6 млн. АҚШ долларын құрайтын шағын ГЭС салу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Жобаны іске қосу 2017 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің қолдауымен жеке инвестор Сарыағаш ауданында қуаты 2 МВт болатын шағын ГЭС жобасын іске асырды. Мұнан бөлек тағы 2 жоба әзірлену үстінде.

Облыстың шағын гидроэнергетикасын одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Шымкент» ӘКК» барлық мүдделі тұлғаларға өзен ағыстарының энергетикалық қуатын зерттеу нәтижелерін ұсынуға дайын. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында шағын ГЭС жобаларын іске асыру кезінде қажетті консультациялық қолдау көрсетуге әрқашан әзір.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстағы кәсіпорындар мен тұрғындардың электр энергиясын жылдық тұтынуы шамамен айына 400 МВт-ты құрайды. Оның 114 МВт-ы (29%) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71%) Қазақстанның басқа өңірлерінен сатып алынады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527