МАРОККОЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ТІЛ ТАҒДЫРЫНА АЛАҢДАЙДЫ
Француз тілі Мароккода ресми тіл рөлін атқарады, өйткені бұл тіл 1956 жылдан бері біздің елде ресми хат алмасу, жұмыс тілі болып қызмет атқарады. Сол сияқты т.б. билік органдары , әкімшіліктер, корпорациялар, мектептер осы тілде сөйлейді. Халық күнделікті өмірде осы тілді кең қолданады.
Ағылшын тілі Мароккода ресми емес, бірақ, бұл тіл қазіргі уақытта өте маңызды тіл деп саналады, шын мәнінде көптеген трансұлттық корпорациялар Мароккоға көшіп келді, олар ағылшын тілін пайдаланады. Сондықтан жоғары жалақы алуға ұмтылғандар ағылшын тілін меңгеруге тырысады. Басқаша айтқанда, ағылшын тілін білетіндер тәуір жұмыс таба алады. Ағылшын тілін білу маңызды міндет пен мәртебеге айналып келеді. Шет тілдерін білетіндерге де артықшылықтар бар. Артықшылықтары: француз және ағылшын тілдерін игергендер оңай жұмыс табуға мүмкіндік алады және әкімшілікке кәделі қызметке тартылады.
Қолайсыздық жақтары: ана тілін ескермейтіндер көбейе береді, қалың бұқараның тілі , яғни ана тілін қолданатындардың қарасы жаппай азаюы мүмкін. Француз және ағылшын тілдері – әлемдегі ең маңызды тілдер, бірақ бұл тілдер жергілікті тілдерді ысыра береді. Халықтың бір бөлігі төл тілін жоғалта бастайды , соны куәландіретін фактілер көп.
Француз тілі Марокканың мәдениетіне терең әсер етті. Ағылшын Марокканың мәдениетіне әсер етіп, елеулі ықпал жасаған жоқ. Қазіргі уақытта Мароккода адамдар жұмыс және әкімшілік істерінде , офис қызметінде француз тілін пайдаланады. Жұмыстан тыс уақытта да француз тілінде сөйлейді. Марокколықтар араб тілінде сөйлегенде француз сөздерін қойыртпақтап, қосып сөйлейді. Қала тұрғындары үшін французша сөйлеу міндет те, мақтан да емес, бірақ француз тілі қоғамдық ортаның тіліне айналды, тілдік орта французша сөйлеуге мәжбүрлейді.
Кейбір азаматтық бірлестіктер, түрлі саяси қозғалыстар араб тілін кеңірек қолдануға жәрдемдесуді қолдайды. Марокко жұртшылығы төл мәдениетке қауіп бар екенін түсінеді.Олар шет тілдерін пайдалануға барынша тырысады, себебі зиялы қауым ұлттың араб-мұсылман негізін сақтап қалу мақсатында күресіп келеді.
Анас Mokбiл (Almaghribi) Танжер,
Марокко, қаржы бақылаушыcы
Ағылшын тілінен аударған – Әзімбай Ғали
Abai.kz