Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2331 0 пікір 15 Қыркүйек, 2016 сағат 16:21

ОҚО-да суармалы жердің көлемі артпақ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық мәжіліс өтті. Аудан, қала әкімдерімен селекторлық режимде өткен жиында 6 мәселе қаралды. Бұл туралы «Абай ақпарат» ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жиында Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардың орындалуы  бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Қазақстанда алдағы бес жылда айналымға кем дегенде 600 мың гектар суармалы жер қосылады. Су қорының талап етілетін көлемі төтенше жөндеу және жаңа су қоймаларын салу есебінен құрылады. Осы ретте аймақ басшысы егістікті ағын сумен толық қамтамасыз ету үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып су қоймаларын салудың жоспарын әзірлеуді тапсырды.

─ Егістік алқаптарды суландыру мәселесін шешуде су қоймаларын салудың маңызы айрықша. Бүгінде үлкен су қоймасы Бәйдібек пен Отырар ауданында салынып жатыр. Биыл оның құрылысы аяқталуы тиіс. Облыстық басқарма барлық аудандарда осындай мүмкіндіктерді зерттеп, жоспар әзірлеуі тиіс, ─  деді облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543