Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2919 0 пікір 20 Тамыз, 2010 сағат 05:13

Ақтауда 2011 жылға қарай құрылысы бітпеген тұрғын үйлердің үлескерлерінің санын 193 адамға дейін азайту жоспарланған

Ақтау. 19 тамыз. ҚазТАГ - Ақтауда 2011 жылға қарай құрылысы бітпеген тұрғын үйлердің үлескерлерінің санын 770-тен 193 адамға дейін азайту жоспарланған, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Келешекте 770 ақтаулық үлескердің 193-і өз мәселесінің шешілгенін күтеді», - делінген Ақтау қаласында үлестік құрылыс нарығының проблемаларын шешу барысы туралы хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, бейсенбі күні  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ақтаудың 15-ші және 17-ші ықшам аудандарында «Оазис» пен «Green Park» тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру рәсіміне қатысты.

Осы жылдың басында аймақта тұрғын үй құрылысының 12 нысаны болған, оларды тұрғызу жұмыстарына 770 үлескердің қаржысы тартылған. Үлестік құрылыс нарығындағы проблемаларды шешу мақсатында облыс әкімдігі мен құрылыс компаниялары бірлескен іс-шаралар туралы келісімдерге отырды.

«Бұл келісімдердің басты мақсаты – үлескерлердің қатысуымен салына бастаған құрылыс нысандарын облыстық бюджет есебінен болса да аяқтау. Мысалы, биыл салынып біткен «Оазис», «Green Park» және «Таң Шолпан» тұрғын үй кешендері бойынша үлескерлердің саны 257  адамды құрайды, пәтер саны - 555, жалпы тұрғылықты аудан - 64 мың ш.м», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жыл соңына дейін тағы бір нысан – «Багис» ЖШС көппәтерлі тұрғын үйін пайдалануға беріп, «Асыл арман» ТК құрылысын қайта жандандыру жоспаарланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371