Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2981 0 пікір 13 Қыркүйек, 2016 сағат 15:05

ҚАЗАҚСТАН РИО-2016 ОЙЫНДАРЫНА 3,4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАДЫ

Қазақстан спортшыларын Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына дайындау және қатыстыру үшін 3,4 млрд теңге жұмсаған. Бұл мәліметті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында көрсетті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы және құрама командаларының мүшелерін ресми жолдама және көп сатылы әлем кубоктеріне дайындау, қатыстыруға 2016 жылғы бюджеттен 3,4 млрд теңге қарастырылған», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің нақтылай кетуінше, 2016 жылы ұлттық құрама командалардың спортшылары түрлі спорттан Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 70-тен астам құрлық, дүниежүзілік жолдама жарыстарына қатысты, сондай-ақ олар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін қалған квоталарды жеңу үшін Әлем кубогінің 52 кезеңіне қатысты.

2016 жылғы Олимпиадаға Қазақстан құрамасында 25 спорт түрінен 105 спортшы барды. Қазақстан Рио-де-Жанейрода өткен олимпиаданың жалпыкомандалық есебінде 22-орын иеленді.

17 жүлде - бұл ел спортшыларының қысқы және жазғы Олимпиада ойындарындағы үздік нәтижесі. Бұған дейін 2008-2012 жылғы олимпиадалар кезінде спортшылар 13 медальді ел қоржына салған болаты.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489