Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3042 0 пікір 8 Қыркүйек, 2016 сағат 10:04

Бішкекте террористік ұйымға мүше болды деген күдікпен қазақстандық ұсталды

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бүгін халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Шамо Мамедов есімді Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлады.

Комитет мәлімдемесінде 28 жастағы Мамедовтің Бішкекте 2 қыркүйекте болған терроризмге қарсы шаралар кезінде ұсталғаны айтылады.

Шамо Мамедов содырларды Сириядағы әскери іс-қимыл аймағына аттандырып отыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.

МҰҚК жедел-іздеу шаралары нәтижесінде Мамедовтің Қырғызстанға барған соң "тапсырма күтіп жатқаны" анықталғанын айтады. Күдікті қамауға алынып, тергеліп жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1956
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4788
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3957