Сенбі, 23 Қараша 2024
Ханталапай 5227 0 пікір 7 Қыркүйек, 2016 сағат 10:28

ӨЗБЕКСТАНДА ТАҚҚА ТАЛАС БАСТАЛДЫ

Бүгін Өзбекстанда «Мирзияев билікке келмесін» деген ұранмен қала тұрғындары көшеге шыққандығы туралы ақпарат тарай бастады. Бұл қарсылықтың артында кімдер тұр? Мұндай наразылықтың соңы неге апаруы мүмкін?

Біздің елдегі сарапшылар Ислам Кәрімовті дау-дамайсыз ақтық сапарға шығарып салған өзбек халқының «мінезіне» қарап, билікке кімнің келетінін күні бұрын болжап тастаған еді. Тіпті, Өзбекстанның ендігі билігі Кәрімов отбасының мүшелеріне берілмейтінін айтып, пал ашқан.

Билікке келуі мүмкін бірінші адам ретінде де осы елдің Үкімет басшысы Шавкат Мирзияевтің аты аталған.  

Десек те, бұл сцераий орындалмай қалуы мүмкін екені байқала бастады. Негізінен алғанда Өзбекстанның билігіне келуі мүмкін үш адам бар. Бәлкім, Шавкат Мирзияевтің кандидатурасын жаратпай жатқан осы үштіктің бірі болар.

Президенттің орнын иеленуден басты үміткерлердің бірі – Рустам Азимов. Рустам Азимовтан кейін бұл орынға Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 72 жастағы басшысы Рустам Иноятов та көз тігіп отыр.

Әлемдік сарапшылар енді осы үштік өзбек билігіне таласып, көрші елде түрлі толқулар пайда болуы мүмкін екенін айта бастады. Себебі, бұл таластың артында өзбектің мүдесінен гөрі сыртқы күштердің ықпалы мол болатыны белгілі. 

Мәселен, Ресей қандай жағдайда болмасын, өз адамын билікке келтіруге тырысады. Қытайдағы жиырмалықтың жиынынан кейін Ресей президенті В.Путиннің дереу Өзбекстанға сапарлауы тегін емес. Путин осылай алғашқы қадамын жасап жатқанда АҚШ пен Қытай һәм Еуропа алпауыттары қарап жатпасы анық.

Путинмен кездесуде Шавкат Мирзияев өзінің Ресейге жақындығын байқатып қалды. Соған қарағанда өзбек жұртының алаңға шығуына бұл мәселе де әсер етсе керек.

Белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали да бұл мәселе жөнінде өзінің Facebook-тегі парақшасында ойын білдірді.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

– Осыдан біраз уақыт бұрын мен Фейсбукте Өзбекстан туралы бірнеше сценарийді жазғанмын. Қателеспесем 2 қыркүйекте жарияладым ғой деймін... Өкінішке орай, сол негативті үшінші сценарий келе жатқанға ұқсайды. Өзбекстанда қала тұрғындары арасында «Мырзияев билікке келмесін» деген ұранмен  толқу, қозғалыс басталған көрінеді.

Олар кімдер болуы мүмкін :  1) Тұрмыстық әлеуметтік наразылық;  2) Мырзияевтің  билікке таласушы бақталас саяси конкуренттері;  3) Оларға келесі кезеңде қала тұрғындары, студенттер, орта мектептің ересек балалары және әйелдер қосылуы мүмкін;  4) Діни қауым қосылып кетуі ықтимал.

Өзбек дәстүрге берік:  о бастан  «көнбіс бұқара ,  ал күштік құрылымдар қимылсыз қалып, шектеусіз еркіндік ала қалса, қопарып тастайтын әдеті тағы бар.  Мен бірнеше сценарий болуы ықималдығын болжаймын. Бірінші сценарийде қазіргі Премьер-министр, Лоламен келісіп, не келіспей, билікті өз қолына алып, келесі диктаторға айналады.  Екінші сценарийде қазіргі Премьерден басқа адам, ол күштік құрылым адамы, Лоламен келісіп, не келіспей, билікті өз қолына алып, келесі диктаторға айналады. Үшінші сценарийде билікке үшінші күш келуі мүмкін:  ол діндар махалла адамдары.  Олардың лидерлері жас молдалар, медресе талабалары мен студент қауымы, ірі қала тұрғындары болады.  Олар жастарды дүрліктіріп, саяси және идеологиялық инициативаны өз қолына алуы ықтимал. Олардың тактикасы қала жастарын өздеріне ілестіріп алу. Егер де өзбек элитасы билік тағына тағайындауды тым ұзаққа созып жіберсе, «үшінші күштің» билікке келу ықтималдығы өсе түседі.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395