Сенбі, 23 Қараша 2024
Не көріп жүрсіз? 8774 0 пікір 2 Қыркүйек, 2016 сағат 13:17

НАЗАРБАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА НЕ ҮШІН БАРА ЖАТЫР?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні Өзбекстанға сапарлатпақ екен. Бұл туралы «ИА Новости-Казахстан» агентігі «Рейтерге» сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ал бүгін  Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы ресми іс-сапармен Қытайдың Хуанчжоу қаласында жүр. Мұнда 4-5 қыркүйек арасында G-20 саммиті өтеді деп жоспарланған.

Ал саммитке сәл ерте барған Елбасы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, бірқатар келісімдерге қол қойды. Соның ішінде екі елдің  ауылшаруашылық министрліктері, экономика министрліктері мен сыртқы істер министрліктері арасында іскерлік келісімдер жасалды.

Агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, саммитке барған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы шұғыл түрде ҚХР әуежайынан Өзбекстанға аттанбақ екен.

«Abai.kz» порталы осының алдында Өзбекстан Президентінің қайтыс болғандығы туралы өзбекстандық БАҚ материалдарын жариялаған еді. Онда Ислам Каримовты жерлеу рәсімі сенбі күні Самарқанда өтетіні айтылған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының аяқ астынан Өзбекстанға аттануының себебі өзбек басшысының денсаулығына байланысты болса керек-ті.

Айта кетейік, бүгін Өзбекстан Үкіметі Ислам Каримовтың жағдайы тым ауырлап кеткенін хабарлаған.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371