Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 8406 1 пікір 2 Қыркүйек, 2016 сағат 12:21

ҚАЗАҚТЫҢ БАРЛЫҚ РУЫ - ҰЛЫ

"Қазақтың қай руы ұлы?" деген сұрақ, ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Анда-санда баж ете қалып, бір атаның үш баласы өзара айтыса кетеді. Аталған сұраққа өзімше жауап беріп көрейін. Ақиқатында осы күні алаштың сапындағы бар қазақтың руы түгел "ұлы". Гумилев айтпақшы, қырдың қатал заңы есте сақтауға тұрарлық ру мен батырлардың аттарының бәрін тариxта қалдырды, болашаққа жеткізді. Жазба тариxы аз қазақ, өз жадында "ең-ең" дегендерді ғана сақтауға мәжбүр болды. Себебі болымсыз дүниені мың жыл жаттап жүру қисынсыз. Осы күні аты мен заты бар қазақтың әрбір руы, сөзсіз өмір соғысында жеңімпаз. Ал қаншама даланың руы осы күні мүлдем сөніп қалды?! 

Тоқтамыс xанның соғыстарында найман мен қоңыраттан саны кем емес деген кенегес руы бүгінде қарақалпақ ішінде кішкентай ғана бір ата. Ұлы Жүз құрамында белді саналған дүрмен руы, қай бір заманда ағайындарына өкпелеп Тәшкен асып кеткен, бүгінде оның атымен тек сол аймақта жер атауы қалған. Ал затынан ат үркетін барын, шырын рулары орта ғасырда қаншалықты атақты болса, бүгінде соншалықты жоқтың қасы. Бірі Қазан, бірі Қырым асып бүгінде тариxтан ғайып болды. Шыңғыс xанды туған қият ше!? Тариxтан белгілі оның қият-тарақты, қият-тобықты аталары ғана елде қалды, азғантай бөлігі оңтүстікте бар. Аталған рулардың барлығы қазақтың құрамдас бөліктері, бірақ өкінішке қарай тариx олардың қалың бөлігін ел ішінде сақтамады.

Одан басқа тағы ондаған рулардың тариxы мен тағдырын келтіре беруге болады. Көбі қырдағы бақталастыққа шыдамай Амударияның жағасына, Өзбек ордасына кетіп жатты. Аты мен заты өзгеріп жатты, бірақ қырға қайта оралғандары аз, орда болып. Сол себепті менің пайымдауында осы күні заты сақталған барлық қазақтың руы әйгілі, ұлы. Бірақ оған себепші барлық кезде тек күштілік емес, көп жерде кездейсоқтық, кішіпейілдік, ағайыншылық, бірлік және өзара адалдық. 
Дәл қазір мен заты жоғалды деген рулардың атынан менімен айтысудың қажеті жоқ, ол тек мысал үшін. Шынтуайтында ел ішінен кеткен әрбір ру үшін, менің көңілім құлазиды. Осы күні ірісі 85 емес, 185 рулы 50 млн-дық қазақ болсақ қандай болар еді шіркін!? 

А так, бәрі ұлы! Бәрі қазақ! Мен Обағанның жағасына барсам қыпшақпын, Ертіс бойласам найманмын, Еділ кірсем танамын, Електе табынмын, Іледе жалайыр, Сыр бойында қоңыратпын! Бөліп жарудың еш қажеті жоқ.

Дәурен Бабамұрат

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1543
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6087