Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3511 0 пікір 1 Қыркүйек, 2016 сағат 15:44

Тәжікстанда 500-ден астам азамат рақымшылықпен босатылды

Тәжікстандағы жазаны атқару басқармасының мәліметінше, соңғы екі күн ішінде Нүректегі әйелдер колониясы мен Явандағы түрмеден 500-ден аса адам бостандыққа шықты.

Әділет министрлігі қылмыстық жазаны іске асыру басқармасындағы дерек көзінің айтуынша, сотталғандар рақымшылық туралы заң бойынша босатылған.

"Кеше Нүректегі колониядан 130 әйел босатылды. Бүгін Явандағы түрмеден 400-ден астам адам бостандыққа жіберілді. Сонымен бірге кәмелет жасына толмағандарға арналған колониядан жазасын өтеушілер босатылды" дейді дерек көзі.

Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында президент Эмомали Рахмон рақымшылық туралы заң жобасын ұсынып, өткен аптада депутаттар оны қабылдаған болатын. Бұл заң бойынша, 12 мың адамның жазасы жеңілдетіліп, жазасын өтеуші 3 мың адам бостандыққа шығарылмақ.

24 тамыз күні депутаттарды заң жобасымен таныстырған Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон «конституциялық жүйе мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасағандар мен кісі өлтіргендерге» немесе терроризм мен экстремизм бойынша жазаланғандарға рақымшылық жасалмайтынын» айтқан болатын.

Бас прокурор сонымен бірге «Рақымшылық туралы» заң ауыр қылмыс жасамаған, шетелде тұрып жатқан іздеудегі қылмыскерлерге байланысты да қолданылатынын мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364