Ресей өңірлерінің басшылары астық жеткізілімдерін талқылау үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр – АШМ
Астана. 21 тамыз. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Қазақстанға Ресейдегі өрттен зардап шеккен өңірлердің жетекшілері келіп, астық жеткізілімдерінің проблемасын талқыламақшы, деп ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.
«Татарстан мен Башқұртыстан елеулі зардап шекті. Бұл өңірлердің басшылары мен бизнес өкілдері Қазақстанға келіп, астық жеткізу мәселелерін талқыламақшы», - деді Е. Аман ҚазТАГ тілшісіне сенбі күні берген сұхбатында.
Е. Аманның айтуынша Ресей соңғы 5-7 жылда өздерін астықпен толығымен қамтамасыз ете бастады. Қазіргі уақытта өртке байланысты оған астық сатып алуына тура келіп отыр.
Е. Аманның пайымдауынша, «астықты Австралия мен Канададан сатып алғанша ең алдымен Қазақстаннан сатып алуға әрекеттену орынды болған болар еді».
АШМ сайтындағы ақпарат бойынша Қазақстан биыл 8 млн астық экспорттап, оның 2 млн-нын Ресейге экспорттамақшы.