Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5452 0 пікір 31 Тамыз, 2016 сағат 16:52

Теріскейде Конституция күнінде «Айкөркем» балабақшасы ашылды

Елбасымыз 2020 жылдарға қарай Қазақстан халқының жан саны 20 миллионға жетуі керек деген тілегін жиі айтады. Осы ретте елдегі демографиялық ахуалды жақсарту ісі қазір жан-жақты қолға алынуда. Соның нақты көрінісін Оңтүстік Қазақстан облысындағы игі бастамалардан көруге болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолақ қорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде 50 орындық жеке меншік «Айкөркем» балабақшасы ашылды. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жаңа балабақшаның ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Исаев, депутаттар мен ауыл тұрғындары қатысты. Нысанның салтанатты ашылу сәтінде сөйлеген аудан басшысы М.Исаев: «Созақ ауданында «Балапан» бағдарламасының орындалу барысы жоғары деңгейде Бұл биылдыққа аудан көлемінде ашылып отырған бесінші балабақша. Таяуда тағы да 280 орындық балабақша ашатын боламыз» - деп жиналған көпшілікті Конституция күнімен құттықтады. 

Бұрынғы ескі мектепті балабақшаға лайықтап, қайта күрделі жөндеуден өткізген нысан қожайыны балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтығаннан бөлек, жергілікті 8 адамға жұмыс беріп отыр. 
Айта кету керек, жаңа оқу жылында аталған Абай елді мекенінде 150 орындық білім ошағы пайдалануға берілмек. Бүгінде ондағы 88 шаңырақта 576 азамат тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963