Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4236 0 пікір 31 Тамыз, 2016 сағат 09:48

Жеңіл қайықпен жете алмайтындар...құтқарылды

Италиялық теңізшілер Жерорта теңізінің Ливия жағалауынан 20 шақырым жерден алты мыңға жуық босқынды құтқарған. Эритрея мен Сомалиден шыққан мигранттар Еуропаға жеңіл қайыққа көптеп мініп өтпек болған.

Босқындарды құтқару операциясына Италияның жағалау күзеті қызметі мен БҰҰ-ның   катерлері де қатысқан. Associated Press агенттігінің мәліметінше, БҰҰ өкілі "босқындар жеңіл қайықпен Ливиядан Италияға жете алмайтындарын біле тұра теңізге шыққанын" айтқан. Олар құтқарушылар кезігеді деп үміттенген.

Халықаралық миграция жөніндегі ұйымының мәліметі бойынша, биыл 105 мыңдай босқын Жерорта теңізі арқылы Италияға өткен, ал 2 мың 700-дей адам суға кеткен.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321