Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3726 0 пікір 31 Тамыз, 2016 сағат 09:37

Қырғызстанда террорға қарсы іс-шаралар күшейтілді

Президент Алмазбек Атамбаев елдің күш құрылымдары басшыларының Қытайдың Бішкектегі елшілігіндегі жарылыстан соң шұғыл тергеу жұмыстары туралы есептерін тыңдады деп, хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қырғыз президенті МҰҚК және ІІМ басшыларына осыған қатысты тергеу жұмыстарын тиянақты жүргізуді тапсырды. Қорғаныс кеңесінің хатшысы Темір Жұмақадыров ҚХР елшілігіндегі жарылысты зерттеуге жетекшілік ететін болады.

Атамбаев аса маңызды нысандар мен дипломатиялық өкілдіктердегі күзетті күшейтуді, бұған қоса адам көп шоғырланған орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды. МҰҚК жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, 30 тамызда жарылғыш тиелген көлікпен ҚХР-дың Бішкектегі елшілігінің қақпасын бұзып өткенжанкешті терроршы жарылғышты іске қосқан еді. Жарылыстан жарақаттанған қытай елшілігінің үш қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі елшілікке жасалған шабуылды "аса қауіпті әрі қатыгездікпен жасалған қылмыс" деп атады. Қытай Қырғызстан билігін қылмысты ашуға шақырды. Әзірге ешқандай ұйым шабуылды мойындаған жоқ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322