Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3006 0 пікір 21 Тамыз, 2010 сағат 08:22

ҚР байланыс және ақпарат министрі өңірлік электрондық БАҚ өкілдерімен кездесіп тұруды дәстүрге айналдырмақшы

Қарағанды. 20 тамыз. ҚазТАГ - ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев өңірлік электрондық БАҚ өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп тұрмақшы. Бұл туралы ол жұма күні Қарағандыда БАҚ жетекшілерімен өткен көшпелі кеңесте мәлім етті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Министр мұндай кездесулер дәстүрлі түрде өтіп тұратынына уәде берді», - делінген кездесу қорытындысында таратылған ақпараттық баянда. 

Өзінің кіріспе сөзінде министрі осындай кездесулердің маңызыдылығын атап өтті. «Мен отандық медия-кеңістіктің преспективасы мен проблемасын талқылау үшін республикалық БАҚ жетекшілермен бірнеше рет кездескенмін. Бүгін біз өңірлік БАҚ-тармен кездесуді шештік, себебі олардың маңыздылығын түсінеміз», - деді ол. Сондай-ақ байланыс министрлігінің басшысы аталған кездесудің арқасында министрлік өңірлік БАҚ-тардың дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтамақшы екендігін атап өтті.  

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, министр бірқатар өзекті проблемаларға назар аударды. Ең алдымен, дейді ол, өңірлік хабар таратушылар бағдарламаларының сапасы мен жалпы контентіне назар аударулары тиіс. Өңірлік телеарналардың хабарында өзіндік туындылардың барлығына оң баға бере келіп, министр тілдік балансқа өте мұқият болулары керектігін ескертті, себебі бұл мәселе министрліктің ерекше қадағалауында тұр. Баспасөз қызметі республикалық телеарналар өз эфирлерінде тіл туралы заңнаманың бұзылуын түзетуге қатысты тиісті ескертулерді алғанын еске салды.

Өңірлік БАҚ-тардың дамуының преспективасы мен проблемаларын талқылап, «кездесуге қатысушылардың барлығы меморандумға қол қойды. Оның негізгі идеясы жастарды рухани-адамгершілікке және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу», - делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371