Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3685 0 пікір 25 Тамыз, 2016 сағат 10:56

Шардаралық дихандар жүзім шаруашылығын дамытуда

Күріш пен мақтадан бөлек шардаралықтар көп жылдық екпелерді қолға ала бастады. Мәселен, соңғы бір жылдың көлемінде Тұрысбеков ауылдық округінде 220 гектарға, Жаушықұм ауылында 55 гектарға, Қоссейіт ауылында 13 гектарға жүзім көшеттері отырғызылған. Жүзімнің «тайфи розовый» сортын еккен шаруалар өнімді үш жылдан соң алатынын айтуда. Ал ауданда 209 гектар жерге егілген жүзім алқабынан өнім жиналуда. Бүгінгі күнге гектарына 35 центнер өнім алған диқандар 731,5 тонна жүзім жинаған.                                      Сонымен қатар, аудан тұрғыны А.Ибадуллаев 10 гектар алқапқа алманың «Павлинка» деп аталатын сортын өсіруді қолға алған.  Ал бүгінге дейін ауданда 70 гектар жерге егілген алма баудан гектарына 25 центнер өнім түсіп, жалпы 175 тонна алма жиналған.

Шардаралық шаруалар  2010 жылдан бері жалпы көлемі 1097 гектар жерге егілген бау-бақшадан мол өнім жинап келеді. Бұдан түсер пайданың мол екеніне көзі жеткен диқандар бау-бақшаны әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жиналған өнімдер ауданның ішкі нарығына шығарылуда.

Шадияр Молдабеков

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5368