Сенбі, 23 Қараша 2024
Жалқы сұрақ 4748 0 пікір 25 Тамыз, 2016 сағат 10:43

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚЫРЫН ҚАРАЙ МА?

Қарағанды облысының Әкімі  

Нұрмұхамбет Әбдібеков мырзаның назарына! 
Құрметті Нұрмұхамбет Қанапияұлы! 
Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарындағы қазақ тілінің қолданыс деңгейіне мониторинг жасау барысында Қарағанды облыстық Ішкі саясат басқармасы тұтынушылардың құқықтарын аяққа басып отырғаны  анықталды. Басқарма сайтының қазақ тілді парақшасында тек жаңалықтар ғана қазақ тілінде берілген. Қалған ақпарат түгелдей орысша. Тіпті, басқарма өз атауын ресми тілден аударып, қазақша беруді қажет деп таппаған.  Ал, орыс тіліндегі парақшада "Информация об управлении", "Диалоговые площадки", "Законодательно-нормативная база", "Государственные закупки" және "Противодействие коррупции" және тағы басқа бөлімдер бойынша қажетті ақпараттың бәрі бар.  Сондай-ақ, осы қазақтілді парақшадағы сілтемелер, тақырып атаулары да орыс тілінде жазылған.  
Тіл дегеніміз ұлттық территория, гимн, елтаңба іспетті қасиетті құндылықтардың бірі. Ендеше, облыстық әкімдік, оның ішінде Ішкі саясат басқармасы сияқты маңызды мемлекеттік органның мемлекеттік тілді аяққа таптауын қалай түсінуге болады?  
Қазір халық өзіне қажетті ақпаратты негізінен интернет арқылы алады. Соған сәйкес қазақтілді интернет-ресурстар тұтынушылардың сұранысына сай қызмет көрсетуі тиіс. Осы ретте мемлекеттік органдар үлгі көрсетудің орнына осындай өрескел кемшіліктермен көзге түседі.  
Құрметті Әкім мырза!  
Облыстық әкімдіктің электронды поштасына әкімдік сайтындағы қазақ тіліне қатысты кемшіліктерді көрсетіп, 40-қа жуық ескерту-хат жазған едік. Алайда, осы хаттардың біреуі де ашылып, қаралмай отыр. Қазіргі заманауи интернет-технологиялар дәуірінде мемлекеттік органдар да электронды қызмет түрлерін кеңейткені белгілі. Ал, облыстық әкімдіктің тиісті қызметкерлері өз пошталарына келіп түскен хаттарды неліктен ашып қарамайды?  
Осыған орай, Сізден  ҚР-ның "Тілдер туралы" және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңдарына сәйкес,  аталған кемшіліктердің жөнделуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.  
Дина Имамбай, 
 «Til-audit.kz» сайтының редакторы 
Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366