Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2642 0 пікір 23 Тамыз, 2010 сағат 06:48

Алматы облысында қазандықтардың жартысы ғана қысқа дайын

Талдықкорған. 23 тамыз. ҚазТАГ -  Алматы облысында  көмірмен жұмыс істейтін 31 қазандықтың тек 17-сі ғана қысқа дайын деп, облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов активпен өткен селекторлық кеңесте мәлім етті. 

Газбен жұмыс істейтін 1023 қазандықтың басым бөлігі лицензиялау мен паспорттаудан өтті. Оның айтуынша, жылуды күзгі-қысқы маусымда үзбей және сапалы беріп тұру үшін Т8,8 млрд бөлінген. Бұл қаражат отын сатып алу мен инженерлік желілерді жөндеуге, әлеуметтік нысандарды жылытуға жеткілікті дейді ол. Т3,3 млрд қатты және сұйық отын сатып алуға жұмсалды.

Жаңа жылу маусымына дайындық жоспарында облыста 11 шақырым магистралдық жылу құбыры жөндеуден өтіп, ол жоспардағыдан айтарлықтай көп болды.

Бірақ энергетика және коммунальдық шаруашылық басқармасының бастығы Ызғарбек Бектұрсынов атап өткендей, облыстың бірқатар аудандарында, атап айтқанда Көксу, Ескелді, Сарқанд, Қаратал аудандарында дайындық жұмыстарының бекітілген кестеден кешігу байқалады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371