Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3485 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 09:56

Украинада ИМ-ге қатысы бар деген күдікпен тәжік азаматы ұсталды

Украина "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуге берілген Тәжікстан азаматының ұсталғаны туралы мәлімдеді.

Харьков қаласының Киев аудандық соты Харьков прокуратурасының өтінішімен Тәжікстанның 39 жастағы азаматын ұстады. Ол "Ислам мемлекеті" ұйымына қатысы бар деген күдікпен Интерполдың іздеуінде болған. Харьков облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот күдіктіні уақытша 40 күнге қамау туралы үкім шығарды.

Облыстық прокуратураның халықаралық әріптестік бөлімінің басшысы Максим Белоуенконың айтуынша, осы мерзім Тәжікстанның құзырлы органдарынан оны қайтару туралы ұсыныс түскенге дейін жеткілікті болады.

Тергеу мәліметі бойынша, 2013 жылы қарашада тәжік азаматы Ресейге жұмыс істеуге барады. 2016 жылы қаңтарда Ресейден Түркия арқылы Сирияға жетеді, сол жерде ол ИМ-ге қосылады. Ол биыл Украинада ұсталды.

Хабарларға қарағанда, Тәжікстанда 39 жастағы ер кісіге "жалдану" фактісі бойынша күдік келтірілген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394