Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2931 0 пікір 23 Тамыз, 2010 сағат 06:51

Солтүстік Қазақстанда пестицидтерді сақтау мен пайдалану ережелері өрескел бұзылып отыр - прокуратура

Петропавл. 23 тамыз. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тексеру барысында экологиялық қауіпті химиялық заттарды (пестицидтерді) сақтау мен пайдалану ережелерін өрескел бұзу оқиғаларын анықтады.

«СҚО-да 5 жыл бойы пестицидтерді сатумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілер («Астана Нан» ЖШС-інің 2 аймақтық өкілі) облыс аумағынан тыс орналасқан және олардың ресми тіркелген филиалдары жоқ», - деп хабарлады дүйсенбі күні прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, «сондай-ақ, шаруашылық жүргізуші субъектінің улы химикаттарды сақтауға арналған қоймалары жоқ болып шықты және оларды сақтау кезінде өрескел бұзушылықтарға жол беріп отыр: СҚО-да пестицидтерді сақтауға арналған қоймалар жоқ, бар болса, заңнама талаптарына сәйкес келмейді».

Ал қоймаларға алынған санитарлық-гигиеналық төлқұжаттар кәсіпкерлерге улы химикаттарды сақтау бойынша қызметті қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

«Облысқа жеткізілетін пестицидтер АШМ бұйрығымен бекітілген пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелерін бұза отырып, жалға алынатын бұл мақсатқа арналмаған қоймада сақталады», - деп атап көрсетті прокуратурадағылар.

Құзырлы органның мәліметтеріне сәйкес, «улы химикаттарды сақтау мен пайдалану кезіндегі бұзушылықтар облыстағы барлық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерде, соның ішінде пестицидтерді сақтауға арналған қоймаларына санитарлық төлқұжаттар алғандарда да анықталып отыр».

Бұдан басқа, прокурорлық тексеру барысында анықталғандай, «пестицидтердің ыдысын сақтау мен жою мәселелері шешілмейді, бұл оны заңсыз пайдалануға, яғни, қолдан жасалған препараттарды қайта қолдануға мүмкіндік береді, пестицидтерді пайдалану тәртібін шаруашылық субъектілер ғана емес, тиісті қадағалауды жүзеге асыруға міндетті лауазымды тұлғалар да бұзады».

СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі анықтағандай, «құзырлы органда да, ауыл шаруашылық басқармасында да облыста пестицидтерді сатумен айналысатын субъектілердің саны туралы ақпарат жоқ».

«Іс жүзінде пестицидтерді сататын тұлғалар көп, лицензиясыз, төмен бағамен заңсыз сату оқиғалары да бар», - дейді прокуратурадағылар.

Прокурорлық тексерудің нәтижесі бойынша 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369