Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2821 0 пікір 23 Тамыз, 2010 сағат 06:53

Қарағанды облысында жыл сайын «Фермер» маркалы жеңіл қанатты 50 ұшағын шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Қарағанды. 23 тамыз. ҚазТАГ - Қарағанды облысының Новоузенка ауылында «Фермер» маркалы жеңіл қанатты ұшақтардың өндірісі бойынша ҚР-дағы алғашқы зауыт құрылысының алғашқы тасы қаланды. Салтанатты рәсімге Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов, ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов және парламент мәжілісінің депутаттары қатысады.

«Бұл зауыт республикада мамандандырылған ауыл шаруашылық «Фермер» ұшақтарын шығаратын алғашқы зауыт болмақ. Зауытта шыны пластиктен толық цикл өндірілетін болады. Гидравлика, электрондық жабдықтар және тағы да басқалары осы жерде жасалды»,  - деп мәлім етті «МВЕН фирмасы» ААҚ Қазақстандағы ресми өкілі  Бауыржан Сейтқұлов.

Оның айтуынша, 2011 жылдың сәуірінде конвейерден алғашқы ұшақ шығады. Жобаның құны Т2млрд 750 млн, оның бір бөлігі - «МВЕН фирмасы» ААҚ-ның өз қаржысы болса, заем қаржысын «Қазагрофинанс» берген.

«Ұшаққа тапсырыстар бар, қуатталған тапсырыс саны - 300-ге жуық. Жоба 125 жұмыс орнын құрады. Жылына 50 ұшақ шығару жоспарланып отыр», - деді Б. Сейтқұлов.

Жеңіл қанатты ұшақтың ұзындығы 7,15 м, жылдамдығы 125-130 км/сағ, ең алыс ұшу қашықтығы - 1000 шақырым.

«Бұл «бұрандалы» өндіріс емес, толық циклды кәсіпорын, отандық авиациялық конструкторлық бюродан бастап ұшақ жасау зауытына дейін. Басқа сөзбен айтқанда, облысымыз жаңаша ғылымды қажет ететін экспортқа бағытталған өнім шығара бастайды», - деді салтанатты рәсімде облыс әкімі Серік Ахметов.

«Біз үшін бұл маңызды. ҚР аумағы үлкен, біз бұл жерде дәнді дақылдар өсіреміз, осыған байланысты бізде бар АН-2 ұшақтарын, олардың саны қазір 300-ден асады, біз оларды ауыстыруымыз қажет. Зауыт осы мақсатпен салынып жатыр. Мен ол салынады деген сенімдемін. Мұнда металл бар, осы техниканы шығару үшін қажеттің бәрі бар»,- деді ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364