Қарағанды облысында аудан және қала әкімдеріндегі ауыс-түйістер жалғасуда
Қарағанды. 23 тамыз. ҚазТАГ – Қарағанды облысында аудан және қала әкімдерін тағайындау жалғасуда, деп облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұлытау мен Қарқаралы аудандарында және Жезқазған қаласында кадрлық тағайындаулар болды» деп хабарлады баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Серік Ахметовтың өкімімен және ҚР президенті әкімшілігімен үйлестіріліп, тиісті мәслихаттар қолдауынан соң Ұлытау аудан әкімдігіне Әнуар Омаров, Жезқазған қаласының әкімдігіне бұған дейін Ұлытау аудан әкімі болып қызмет атқарған Берік Әбдіғалиев, Қарқаралы аудан әкімдігіне Сержан Аймақов тағайындалды.
Жезқазғанның бұрынғы әкімі Қанат Балмағамбетов басқа жұмысқа өтуіне байланысты қызметінен босатылды. Қарқаралы ауданының бұрынғы әкімі Ниқанбай Орманханов, бұрын хабарланғандай, облыстық ауыл шаруашылық басқармасын басқаратын болды.
Бұрын хабарланғандай, 19-20-шы тамызда облыс әкімі С. Ахметов облыс және аудан әкімдерінде ауыс-түйсітер жүргізді: Бұқар жырау, Абай мен Жаңаарқа аудандары мен Қаражал қаласының әкімдерін ауыстырды.