Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4907 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 13:44

Медиация - дауды шешудің балама түрі

Медиация - екі жақты бітімгерлікке шақыратын, сондай-ақ бір - біріне ауыр сөз сөйлетпей татуластыратын заң.

Осы заң аясын толыққанды түсіндіру мақсатында семинар кеңес өтті.

Онда Кентау қалалық сотының судьясы Ұ.Байжігіт "Медиация туралы" Заңы аясында келіспеушілік пен дауларды шешудің тиімділігін баяндап берді. Аталған заң аясында халық арасында дауларды (жанжалдарды) шешудің баламалы әдісі туралы Кентау қаласы әкімі аппаратының заң бөлімшесінің басшысы С.Самиева толыққанды мәлімет беріп өтті. Семинар-кеңесте төрағалық еткен қала әкімдігінің аппарат басшысы Б.Алимбетов "Медиация туралы" заңды халық арасында кең көлемде насихаттау қажеттігін айтты. Себебі бұрынғы ата-бабаларымыз бір ауылдан шыққан дау-дамайды ауылдың белді ақсақалдарының арқасында шешіп отырған. Дәл қазір сондай бітімгершілікке шақыратын бұл заңның маңызы зор.

Медиация мәселесін түсіндіруге арналған семинар-кеңес Кентау қалалық сотында да болып өтті. Онда Кентау қалалық сотының судьясы Айжамал Кененбаева көпшілікке медиация тәртібі жөнінде кең көлемде мәлімет берді. Жиынға қатысқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев, "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сағымбек Асылбеков, медиатор Фарит Аюпов Медиация заңының қоғамға тиімділігін жан жақты жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502