Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3345 0 пікір 24 Тамыз, 2010 сағат 06:14

Ақтау инфекциялық ауруханасына алдын ала «малярия» диагнозымен Үндістан азаматы жатқызылды

Астана. 24 тамыз. ҚазТАГ - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кентіндегі «Ерсай» ЖШС-те жұмыс істеп жатқан 39 жасар Үндістан азаматы облыс орталығының инфекциялық ауруханасына малярия (безгек) кеселіне күдікпен жатқызылды, деп Қазақстан ТЖМ хабарлайды. 

Ведомство атап өткендей, жұма күні 13 сағат 35 минутта жатқызылған шетелдік науқас басқалардан оқшауландырылған.

ТЖМ РДО-ға аймақтан келіп түскен оперативті мәліметтер бойынша, ол адаммен байланыста болғандардың арасында аурулар әзірге анықталмаған.

Малярия (бұрындары «батпақты жердің безгегі» атымен таныс) - трансмиссивті (жәндіктер арқылы берілетін) инфекциялық аурулар тобына жатады, адамдарға  Anopheles масасының («безгек масасы») шағуы арқылы беріліп, адамның денесі түршігіп, қалтырап, көкбауыры, бауыры ұлғайып, қаны азаю белгілері арқылы көрініс береді.

Ауру созылмалы, қайталамалы сипатта өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364