ШҚО әкімі президентке қыс басталғанша көктемгі су тасқынынан зардап шеккен барлық әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге уәде берді
Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды дүйсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Президент әкімнің биылғы жылдың 7 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есебін тыңдады.
«Кездесу барысында көктемгі су тасқындарының салдарын жою шаралары туралы айтылды. Тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы кестеге сәйкес жүріп жатқаны айтылды - қыс басталғанша барлық нысандар пайдалануға беріледі», - делінген Ақ орда сайтындағы хабарламада.
Сондай-ақ, әкім мемлекет басшысын алда өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының 7 форумына дайындық барысынан хабардар етті.
«Ел президентінің халықтың әл-ауқатын арттыруға, Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін орындауға бағытталған тапсырмаларының бәрі орындалады», - деді Б.Сапарбаев.