Жұма, 9 Қазан 2026
Жаңалықтар 3596 0 пікір 13 Тамыз, 2016 сағат 16:06

Қала басшысы құрылыс нысандарын аралады

Қала басшысы құрылыс нысандарын аралады. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталған сайттың мәліметтеріне сүйенсек, шаһар басшысы Сейіт Мырзақұлұлы құрылысы жүріп жатқан қаламыздағы Отырар мөлтек ауданындағы және Әбдіразақов көшесіндегі орташа жөндеу, аяқжолдар төсеу, кәріз жүйесін қалпына келтіру және жарықтандыру жұмыстарымен танысты.

Мақсаты құрылыс жұмыстарының сапалы және тиісті мерзімінде берілуін қадағалау болып табылады.

Нысанды аралау барысында қала әкімі С.Ертай жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары мен көшелердің орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы болуына мән беріп, мердігер мекеме басшыларына жұмысшыларды «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі мемлекеттік мекемесіне тіркелген жергілікті жұмыссыз  азаматтардан жасақтауды және құрылыс материалдарын сатып алуда отандық өнімдерге басымдық беруді тапсырды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы ОҚО-да «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 27 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтар болсақ, 23 білім нысандары, 1 жатақхана құрылысы және 3 инженерлік инфрақұрылым жүйелері бар. Сондай-ақ, ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бағдарлама аясында салынып жатқан нысандарға тексерудің өзге де түрлерімен бақылау жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде мердігер мекемелерге 16 нұсқама берілген болатын.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 919
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1229