Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 3045 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 16:55

ТҮРКІМЕНСТАНДА ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАБЫЛДЫ

Ашхабадтағы Халықаралық түркімен-түрік университеті жабылды.

 

Түркіменстан президентінің арнайы нұсқауы бойынша, түркімен-түрік университеті жабылып, оның орнына Оғызхан атындағы Технологиялық университеті құрылды, деп хабарлады Азаттық радиосының Түркімен қызметі.

 

Хабарларға қарағанда, университет студенттері елдегі басқа да жоғарғы оқу орындарына ауыстырылған. Оқу мекемесінің жабылу себебі туралы ештеме айтылмады. Жыл сайын түркімен-түрік университеті 200-ден астам студент қабылдап келген.

Университет 1993 жылы құрылып, бір жылдан соң жұмыс істей бастады. 2013 жылы мамырда Түркіменстан және Түркия президенттері университеттің 3 мың адамға арналған жаңа ғимаратының іргетасын қалады.

16 шілдеде Түркияда сәтсіз әскери төңкерістен соң ел президенті Режеп Тайып Эрдоған бүлікті дін уағыздаушы Фетхуллах Гүлен ұйымдастырды деп мәлімдеді. 1999 жылдан бері Құрама Штаттарды паналап жүрген Гүленнің "Қызмет" қозғалысы 2016 жылы мамырда Түркияда террорлық ұйым деп жарияланды.

Түркия билігі "Қызмет" қозғалысының миллиондаған жақтастары бар және әлемнің 150 елінде мыңдаған білім мекемелерін қаржыландырады деп есептейді. Ресми Анкара басқа да елдерді Гүленмен байланысы бар білім мекемелерін жабуға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572