Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3565 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 16:14

Арыс әкімі жартыжылдық қорытындыланды

Бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қала әкімі Сейіт Мырзақұлұлының төрағалығымен қала әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әкімдің сайтының хабарлауынша, мәжіліске әкім орынбасарлары мен алты ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысып, Арыс қаласының 2016 жылғы қаңтар, маусымдағы әлеуметтік, экономикалық дамуының қорытындысы және қала бюджетінің игерілуі талқыланды. 
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Мұстапаев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Адамбеков, ауылшарушылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Айтпенбетов, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Мұсаев баяндама жасады.
Қала әкімі Сейіт Мырзақұлұлы ағымдағы атқарылып отырған жұмыстар мен түйіні шешілмеген мәселелерге, облыс және қала әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысына тоқталып өтті.
Айта кетейік, мәжілісті қорытындылай келе, қала әкімі С.Ертай орынбасарларына, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына жоғарыда қойылған мәселелер бойынша тапсырмалар берді.

Дереккөзі: Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470