IFC Өскемен құс фабрикасына өндірісті кеңейтуге $2 млн көлеміндегі несие бөледі
Алматы. 25 тамыз. ҚазТАГ - IFC «Өскемен құс фабрикасы» (ӨҚФ) АҚ-на өндірісті кеңейтуге $2 млн көлеміндегі несие береді, делінген сәрсенбі күні таратылған халықаралық даму институтының хабарында.
«IFC Қазақстанда тоңазытылған құс етін өндіретін жалғыз фабрика - ӨҚФ-ға өндірісті кеңейтуге $2 млн көлеміндегі несие береді және консультативтік көмек көрсетеді. Ол өз кезегінде компанияға өнім көлемін және өндіріс стандарттарын арттырыуға мүмкіндік беріп, артып отырған сұранысты қанағаттандыруда және импорттан тәуелділікті азайтуға септігін тигізеді», - делінген ақпараттық баянда.
Құжатта айтылғандай, IFC мен мемлекеттік ауылшаруашылық лизингтік «ҚазАгроФинанс» компаниясының көмегі арқылы ӨҚФ $30 млн көлеміндегі қаражат салу бағдарламасын аяқтайды. Ол жылдық өнімді 16 мың тоннаға дейін жеткізуді, өндірісті жетілдіру мен құстарды тамақтандыру сапасын жақсартуды қарастырады.
IFC қаржылай көмек және консультация берумен қатар компанияға азық-түліктік қауіпсіздікті және қуат тиімділігін арттыруға көмектеседі.
«Біз Өскемен құс фабрикасымен ынтымақтасуға қуаныштымыз. Бұл біздің Қазақстандағы агробизнес саласындағы алғашқы жобамыз. IFC Қазақстанның ірі шаруашылықтарына көмек көрсету арқылы елдің импортқа тәуелділігінен арылуына көмектеседі», - деді IFC-нің Орта Азия мен Әзербайжандағы өкілі Томаш Тельма.

2010-шы жылдың 30-шы маусымына IFC-нің Еуропа мен Орталық Азия агробизнесіне салған инвестиция портфелі $1,4 млрд-тан асты. Тек 2010-шы қаржылық жылы (2010-шы жылы 30-шы маусымда аяқталды) IFC өңірдегі агросекторға $522 млн тартты.
Орталық Азия мен Әзербайжандағы инвестицияны арттыру бастамасы аясында IFC-нің Қазақстандағы жаңа инвестициялары 2010-шы жылы рекордтық $353 млн-ға жетті.
Дүниежүзілік банк құрамына кіретін IFC дамушы және өтпелі кезең экономикасы бар елдердегі жеке секторларға инвестиция салумен айналысатын ірі ғаламдық даму институты.