Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3547 0 пікір 25 Тамыз, 2010 сағат 09:19

Шығыс Қазақстанда Таскескен-Бақты халықаралық жолының учаскесін жөндеу жұмыстары кешігіп жатыр

Өскемен. 25 тамыз. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысында Таскескен-Бақты жолының 180 шақырымдық бөлігін қайта жөндеу жұмыстарына жалғыз мердігерлік ұйым тартылғандықтан, жұмыс қарқыны аса төмен болып отыр, деп хабарлайды облыстың жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы.

«Өкінішке орай, бес жылда жұмыс көлемінің жартысы ғана орындалды. Істі мердігердің жалғыз жұмыс істеп жатқаны кешіктіріп отыр», - дейді басқармадағылар.

Мамандардың айтуынша, Таскескен-Бақты жолын қайта жөндеуге екі мердігерлік ұйым тартылған бірінші үш жылдық кезеңге (64 шақырым жөнделді) қарағанда, екінші кезеңде тендерде «Желдорстрой» ЖШС ғана жеңімпаз деп танылған. Ұйым үш жылдың ішінде тағы 40 шақырым жолды жөндеуге тиіс, оның 15 шақырымын биыл орындау керек.

«Жағдайға премьер-министр назар аударып, жұмыс қарқынының төмендігіне таң қалды. Қазір қосымша мердігерлерді тарту мүмкіндігін қарастыру қажет», - дейді басқармадағылар.

Таскескен - Бақты құрылып жатқан «Бейжің-Берлин» көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылады. Жолды 2-ші сыныпты стандартқа дейін жөндеу туралы шешімді үкімет 2004 жылы қабылдаған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320