Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2973 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 11:14

Қырғызстанда Конституцияны өзгертуге қарсы қозғалыс құрылды

Қырғызстанда бірқатар саяси топтар мен азаматтық белсенділер Конституцияның өзгертілуіне қарсы шықты. Олардың мәлімдеулерінше, билік басындағылар өз ықпалдарын референдум арқылы сақтап қалуды көздейді, ал қозғалыс соған жол бермеу үшін құрылған.

Конституциялық палатаның бұрынғы судьясы Клара Сооронкулова билік Конституцияны өзгертуді заңды бұзу арқылы жүзеге асырмақшы деп есептейді. Оның пікірінше, реформаны конституциялық жиналыс құрып, кең ауқымды талқылаудан соң ғана жүргізген дұрыс болады.

Депутат Чолпан Жақыпова парламентте қысым көрсету арқылы Басты заңға өзгертулер енгізу үшін қол жинап жатқанын мәлімдеді.

Дөңгелек үстел отырысы нәтижесінде Конституцияның өзгеруіне қарсы арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Осындай идеяны көтерген «Бүтін Қырғызстан» партиясының жетекшісі Адахан Мадумаровтың айтуынша, енді аймақтарға шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек болады.

Жогорку Кенештегі алты фракцияның бесеуі Конституцияның өзгертілуін қолдау бастамасына қол қойды. Реформалардың басты мақсаты – үкімет құзыретін ұлғайтып, сот реформаларын тездету деп хабарланды. Референдум күзге белгіленген. Әзірге тиісті заң жобалары қоғамның талқылауына шығарылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395