Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3234 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 11:12

Петербургте Тәжікстан жасөспірімін аяусыз өлтіріп кетті

Петербургтегі Ленск көшесінің бойындағы тәулік бойы істейтін дүкен маңында 17 жастағы Тәжікстан азаматын бірнеше жерден пышақтап, екі саусағын кесіп тастаған.  Ауыр жараланған жасөспірімді ауруханаға жеткізіп үлгергенімен, ол сол жерде қайтыс болды.

Кісі өлтірген деген күдікпен 16-дан 18 жасқа дейінгі үш жігіт және 15 жастағы қыз ұсталды. Олардың сойылдары, пышақтары және мачетесы болған. Тергеу нұсқасы бойынша, қайтыс болған жасөспірім түнде дүкенге бара жатқан жолда соққыға жығылған. Қылмысты Красногвардейск ауданының полициясы тергеп жатыр.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Петербургтегі адам құқығын қорғау кеңесінің мүшесі Юрий Вдовиннің пікірінше, Ресейде қазір ксенофобия өршіп тұр, қоғамның ең еліктегіш бөлігі саналатын жастар мен жасөспірімдер соған бірінші болып ұрынады.

Билік бұндай әрекетке барғандарды қатаң жазаламаса, онда елде бірнеше жыл бұрынғыдай ұлттық жеккөрушілікке қатысты кісі өлімдері өсе береді, деп есептейді Вдовин.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5405