ІШКІ ТҮЙСІК
Редакцияға бір әріптесім бас сұқты. Мұxтар Шаxанов ағамызды ортаға алып, үшеуміз бүгінгі қоғамдағы қордаланып қалған мәселелерді ортаға шығардық.
Әріптесім үш тұғырлы тіл бағдарламасының ұлтымызға тигізер зардабын, жердің сатылатындығын, саясаттың орыстар ынғайына қарай біржолата бұрылып кеткендігін айта келе "Өзбекстанға көшсем ба деп жүрмін. Өзбекшем де тәуір. Балаларым өзбек болса да әйтеуір мұсылман болып қалады ғой" деп Мұxаңа сынай қарады. Мұxаң "Біз көшпейміз. Біз аяғына дейін күресеміз" деді де "Жерді өлсем де сатқызбаймын" деп бір-ақ қайырды.
Мен сендім. Мұxаңда өзіне тән бір түйсік бар. Қай нәрсенің де пісіп-жетілген кезін дәл сезеді. Сезеді де тура сол кезде атқа қонады. Қазір де сондай бір қолайлы сәтті күтіп жүргенін ішім сезеді. Оған дейін билік жерге байланысты оң шешім қабылдаса екен деп Құдайдан сұрап қоямын. Болмаса...
Құдияр Біләл
Facebook-тегі парақшасынан