Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3628 0 пікір 3 Тамыз, 2016 сағат 12:22

Президент резиденциясын жезөкшелер үйіне айналдырған шенеуніктерді соттап жатыр

Ташкент қалалық сотында Өзбекстан президенті әкімшілігіне қарасты «Туркистон» резиденциясы меңгерушісінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды.

Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚҚ) наурыздағы арнайы операциясы барысында мемлекеттік резиденция аумағында 16 төсектес жұп ұсталды. Қолға түскендердің ішінде прокуратура, ҰҚҚ және басқа да күш құрылымдарының қызметкерлері болған. Олар резиденция аумағындағы коттеджді жезөкшелермен бірге уақыт өткізуге пайдаланған.

Ұсталғандар резиденциядан үш жүз метрлік жерде орналасқан республика ІІМ-не жеткізілген. Бірақ Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Зелимхан Хайдаровтың тікелей араласуымен, бұл адамдарға айыппұл салып үйлеріне қайтарылған. Дегенмен «Туркистон» мемлекеттік резиденциясының басшылығында отырған бес адамға қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөздердің мәліметі бойынша, арнайы операция Зелимхан Хайдаровтың өзін ұстау үшін өткізілген. Хайдаров бұрыннан бері ҰҚҚ төрағасы Рустам Инаятовпен өштесіп жүр.

70 жастағы Зелимхан Хайдаров КСРО заманында Өзбек ССР Компартиясында Ислам Каримовпен бірге істеген. Ол президент аппараты істерінің меңгерушісі қызметіне 1993 жылы тағайындалды, 23 жыл өткен соң ол Өзбекстандағы ең ықпалды адамдардың біріне айналды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371