Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3558 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 16:50

МАҚТАРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ОҚО ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Сейсенбі, 2 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Мақтарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты Сейфуллин елді мекенінде құрылған шұғыл штабтың жиынын өткізді. Бұл туралы  ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Отырысқа ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Демеуов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және облыстық, сондай-ақ, аудандық әкімдіктердің қызметкерлері қатысты.  

Штаб жиыны барысында облыс әкімі қабылданған шаралар жайымен танысып, аталған елді мекенде тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін нақты тапсырмалар берді.

Мұнан соң Бейбіт Атамқұлов жергілікті халықпен, оның ішінде, ауылдың ақсақалдарымен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Онда өңір басшысы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің зорлық-зомбылық әрекетінің расталмағанын айтып, медициналық сараптаманың қорытындысын жариялады. Аймақ басшысы аталған жағдайдың қылмыстық сипатта екенін атап өтіп, ауыл тұрғындарын жалған ақпараттар мен қауесеттерге сенбеуге шақырды.   

Жиын кезінде облыстың бас прокуроры И.Иманов сөз алып, елді мекенде заң бұзушылықты болдырмаудың қажетті шаралары қабылданғанын жеткізді.

Аталған елді мекендегі қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтықты қамтамасыз ету шаралары жалғасатын болады.

Жағдай қатаң бақылауда.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371