Арнайы қызмет Kyrgyztimes сайтының тілшісін ұстады
ҰҚМК Kyrgyztimes сайтының тілшісі Кенжебек Жұмабаевты ұстады. Ол 2013 жылы Ыстық көл облысының өкілетті өкілі Эмилбек Қаптағаевты кепілдікке алған оқиғаға қатысы бар делініп күдікке алынған.
Оның босатуын талап еткен бірнеше журналист Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жанында митинг өткізді.
Арнайы қызметтің мәлімдеуінше, тілшіні қамауға алуға негіз бар. 2013 жылы ол куәгер ретінде бұл іске қатысқан.
Kyrgyztimes.kg сайты жаңалықтар шығарумен айналысады. Бірақ қоғамға кеңінен танымал емес.
2013 жылы Жеті Оғыз ауданының тұрғындары Қаракөлде Құмтөр кенішін мемлекетке өткізу жөнінде талап қойып, митинг өткізген. Нарызылық акциясына қатысушылар ұсталған. Митингке қатысушылармен кездесуге келген Ыстық көл облысындағы үкіметтің өкілетті өкілі Эмилбек Қаптағаевты кепілдікке алып, оны көлігінде бірнеше сағат ұстап, өртеп жібереміз деп қорқытқан.