Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4675 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 17:23

Созақта «Соз – агро» корпоративтік қоры құрылды

Созақ ауданында асыл тұқымды мал өсіру, бордақылау және мал өнімдерін өңдейтін кешен - «Соз-Агро» корпоративтік қоры құрылды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған корпоратив қорын құру аудан әкімдігі және уран өндіретін француздық «Арева» компаниясы мен қазақ-француз «Катко» БК-мен ұзақ жылғы келссөздердің нәтижесінде қол жеткізіп отыр.

Құрылтайшысы «Арева НС-Катко-Демеу» болып табылатын корпоративтік қор бизнестің әлеуметтік жауапкершілік аясында аудандағы ауыл шаруашылық саласына 400 млн. теңге инвестиция құйып отыр.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбубәкір Сахиұлының айтуынша, аталған  корпоративке 300 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мен 15 бас асыл тұқымды бұқа алынбақ. Бүгінде кешеннен мал өрісіне жер бөлінген.

Іске асатын жобада мал басын алуға 50 млн. теңге, кешен құрылысына 268 млн. ал ауыл шаруашылығына қажетті техникаларға 82 млн. теңге қаржы жұмсалып, жалпы 50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, «Соз- Агра» корпоративтік қоры алдағы уақытта Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып, аудан көлемінде ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371