Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4723 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 14:16

ОҚО, Ордабасы ауданы: Бағдарлама жемісін беруде

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша биыл Оңтүстік Қазастан облысы, Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметіне 30 азамат тұрақты жұмысқа жолданды. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мемлекеттік «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2012 - 2013 жылдары кәсіби даярлауға Шымкент қаласындағы аграрлық колледжге жолданған азаматтар бүгінде дипломын алып, елге оралған.

Аудан әкімінің ресми интернет ресурсының хабарлауынша, оқу курстарына ауданнан жіберілген 15 азамат санитар, ветеринар, фельдшер – ветеринар мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жалпы қорытындыға сүйенсек, Ордабасы ауданы бойынша жыл басынан «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға 1076 адам өтініш білдіріпті. Олардың барлығы бағдарлама құрамына тартылды. 

Жаңа және бос жұмыс орындарына 544 адам жолданды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша жаңа 220 жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, босаған 324 жұмыс орнына азаматтар жолданып, барлығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Дереккөзі: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364